Дүйсенбі, 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

2020-04-06 07:00:44
Дүйсенбі, 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіде республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +3+5 °С, күндіз +10+12°С.

Алматы қаласында күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай жарқылдауы ықтимал. Жел 0-5, найзағай кезінде 8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11 °С, күндіз +19+21°С.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

06.04.2020
ЦИТАТА ДНЯ
06.04.2020
Гороскоп на 6 апреля
05.04.2020
В Шымкенте от коронавируса умер пациент
05.04.2020
ЦИТАТА ДНЯ
05.04.2020
Гороскоп на 5 апреля
04.04.2020
Прогнозы на 2020 год: какие сбудутся, а какие нет
04.04.2020
Насладись шоу на высшем уровне. 👍
04.04.2020
Доставка еды в г.Нур-Султан