Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

2020-04-03 15:00:45
Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Денсаулық министрі Елжан Біртанова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Коронавирусты жұқтырған медицина қызметкерлеріне қатысты көптеген сауалдар туындайды. Біз аталған фактіні жасырмақ емеспіз. Бүгінгі таңда карантинді нысанда жұмыс істеп, коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны – 28 адамды құрап отыр»,-деді ол.

Министр жұқтырғандардың жеке деректері бойынша, эпидемиологиялық тергеу жүріп жатқанын айтты.

«Әрбір дерек бойынша, эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін айтқанымыздай, жұқпалы, провизорлы, стационарлы және карантинді нысандарда жұмыс істеу үлкен қауіппен байланысты. Бұл туралы шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесінен хабардар болып отырдық. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты барлық шаралар қабылдануда. Дәрігерлер де қауіпсіздік техникасын сақтаулары тиіс»,-деді Біртанов.

Министр короанавируспен күреске қатысы бар барша медицина қызметкерлерінің тізімдері жасалатынын да атап өтті.

«Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы қабылданып, коронавируспен барынша күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің тізімдері жасалады. Сонымен қатар, сыйақыларды бөліп төлеу регламенті бекітілетін болады. Біздің регламент бойынша, әр өңірдің деңгейінде коронавирусқа қарсы штабтар бар. Ол штабты әкім немесе әкімнің орынбасары басқарады. Штаб деңгейінде сыйақы мәселесіне қатысты шешімдер ашық түрде қабылданады. Дүниежүзінде коронавируспен ауыратын науқастар саны 8,4% өсіп отыр. Төтенше жағдайлар бойынша, мемлекеттік комиссия қажетті шаралар енгізді. Барлық санитарлық тәртіптер міндетті түрде орындалатын болады. Ең алдымен медицианлық қызметкерлерді коронавирус инфекциясынан қорғау және қажетті қауіпсіздік шараларды енгіу бойынша, мемлекеттік деңгейде айтылып, бекітілді», - деп мәлімдеді Біртанов.
Просмотров материала: 0