«Бірақ қор 1885 адамның өтінішін қанағаттандырып, әзірге 1669 адамға ақша түсті», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, уақытша табыстан айырылғандарға берілетін көмекке өтініш берушілер саны күрт артты. Соның салдарынан EGOV порталы істемей жатыр.
Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов арнайы сайт іске қосылатынын жеткізді. Сонымен бірге, Telegram-бот арқылы да өтініш білдіруге болатынын айтқан. Бірақ әзірге ол іске қосылған жоқ. Өтініш бере алмай жатқан тұрғындар әлеуметтік желілерде шағымданып жатыр.