Тараз қаласында тіркелген 29 жасар тұрғын Ресей мемлекетіне тауар таситын жүргізуші екен. Ал Жамбыл ауданындағы 41 жасар ер адам Қызылорда-Петропавл бағытындағы 076 пойызда жол серік болып жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы пойыздың жолаушысы 22 наурыз күні Түркістан облысынан індет жұқтырған азамат ретінде анықталған болатын.
Қазір аталған науқаспен байланысқа түсті деген адамдар оқшауланып отыр. Ал жалпы Жамбыл облысында тіркелген 5 жағдай бойынша 76 адам карантинде. Оның 61-нің сынамасы теріс нәтиже көрсетсе, 15-нікі қаралу үстінде.