Қазіргі уақытты Түркістан облысы бойынша 41 адам карантинде жатыр.
«Түркістан облысы бойынша коронавирус жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Олардың барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. Алғашқы жағдайда жергілікті тұрғын өз шаруасымен Нұр-Сұлтан қаласынан 23 наурыз күні келіп, 27 күні ыстығы көтерілген. Алынған тест сынамасы нәтижесінде одан қауіпті вирус анықталды. Індетті облысқа әкелген екінші жағдайда, пациент іссапармен Алматыға барғанда жұқтырған», - деді Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.