#АуылФутбол: Бірнеше минуттың ішінде 10000 теңге ұтып ал

2020-03-30 13:00:36
#АуылФутбол: Бірнеше минуттың ішінде 10000 теңге ұтып ал
Матрица.kz порталы допты аяқпен көтеріп тебу бойынша балалар турнирін өткізетіні жайлы хабарлайды. Турнир нәтижесі карантин аяқталғанға дейін апта сайын хабарланып отырады. Допты көп тепкен жеңімпазға 10 000 теңге ақшалай сый ұсынып отыр.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарының тек аудан орталығында және ауылдарда тұратын 10 жасқа дейінгі балалар (ұлдар мен қыздар) ғана қатыса алады.

«Қазір балалар демалыста үйде отырғандықтан, ешқандай жаттығу істеліп жатқан жоқ. Бірақ бұл жағдайға қарамастан осы жарысты ұйысдастырып отырмыз. Футбол - үлкен алаң болмаса да, доп болса кез-келген жерде баланың ойнап кете беретін ойыны. Ұйымдастыру себебіміз біріншіден, балаларды демалыста бос қалдырмауға, екіншіден, оларды қызықтыру үшін кішкентай болса да сыйлық қорын ойластыруымыз еді. Айтпақшы, демеуші өзін жарнамаламауды өтінді. Үшіншіден, осындай сәттерде дарынды балаларды көріп қалармыз, мүмкін басқалардың көзіне түсіп клубтардан ұсыныстар алып қалар деген ойда болды. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып жарысқа қатысайық, өзімізді көрсетейік. Карантин - диванға жатып алатын уақыт емес. Бұл мүмкіндік уақыты », - деді «Ауыл-Футбол »жобасының менеджері Серік Мамбетов.

Байқауға қатысу үшін видеоны түсіріп 8-708 696 1624 Whats App арқылы редакция нөміріне жіберу керек немесе Instagram-да #Ауылфутбол хэштегімен жариялай аласыз.

Аптасына бір қатысушы бір бейне жіберуге құқылы.

Ережеге сәйкес доп аяқ, бас пен денеге тиюге рұқса етіледі. Допты қолмен ұстауға тыйым салынады.

Көп ұпай жинаған қатысушы сыйлық алады!

Бейне материалға өзіңіз жайлы ақпарат жазыңыз: қатысушының аты-жөні, жасы, мектеп нөмірі, ауыл, аймақ.

Жіберілген бейнематериалдар сонымен қатар АуылФутбол жобасының парақшасында жарияланады.

Барлық сұрақтар бойынша 8708 696 1624 нөміріне хабарласыңыздар!

P.S. Ақпаратты барлық әлеуметтік желілерде және жедел хаттарда бөлісуге болады.
Просмотров материала: 2