Ол ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясына елітіп, астанада теракт жасамақ болған деген күдікке ілініп отыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде одан жарылғыш элементтері бар үйде жасалған жарылғыш зат тәркіленді.
Бұл адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары, яғни "Терроризм актісіне дайындық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу әлі жүргізіліп жатыр.