Коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды

Поделиться:
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы интернетте пайда болған бейнежазбадағы әрекеті үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полицей жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алса керек. Сол жерді ол телефонына түсіріп, жазбаны WhatsApp мессенджері арқылы танысына жібереді. Алдымен орган өкілі спиртті еденге төгіп, оған от қояды.

Бейнежазбада полиция қызметкері жанындағы адамдармен тапқан "олжаны" сөз етіп, "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деп пікір білдіреді.

Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтап, қызметінен босатты.

Бейнежазбаның өзі "Одноклассники" әлеуметтік желісінде таралып кеткен.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также