Алматы қаласының тұрғыны Мейрамбек Таубалдиев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында лифтінің ішінде түсірілген видеоны жариялап, тәртіп бұзушыға қатысты қатаң шара қолдануды талап етті.
Оқиға "Алатау Сити" тұрғын үй кешенінде болған.
Видеода жақсы киінген ер адамның лифтке кіргені көрініп тұр. Одан ол қол орамалын алып, жөтеле бастайды. Сосын лифт батырмаларына әдейі түкіріп кетеді.