Қоғамдық тамақтану орындары тапсырысты тек онлайн түрде қабылдайды. Бүгінде қала қорында 48 мың тонна азық-түлік бар.
Көрші өңірлермен ауыл шаруашылығы өнімдері жасыл дәліз арқылы тікелей жеткізіледі.
Қалаға кірер алдында жүргізушілердің денсаулығы тексеріледі.
Тасымалдаушы көліктер қоймаға тіке барып тіке қайтуы керек.