Бұл облыс аймағы арқылы қаланы айналу бағытын көрсетеді. Шартты түрде, Талғар ауданынан Қарасайға және тағы басқа аудандарға қалай жетуге болады. Картада нүкте сызықпен қаланы Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген.
Біз азаматтарды маршруттарды алдын-ала жоспарлап, реттеуге, төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға және короновирустық инфекциямен күресу мен алдын-алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз, - делінген хабарламада.