Сұлтанов: Азық-түлік бағасын көтергендер жауапқа тартылады

Поделиться:
Елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын негізсіз көтеріп жіберетін кәсіпкерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпкерлер бағаны қолдан көтеруі – спекулация. Бұл мәселе бойынша арнайы мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Егер тұрғындар жекелеген кәсіпкерлердің бағаны көтергенін байқаса, осы органдарға хабарласып, мән-жайды айтатын болса, олар баға көтерген кәсіпкерлермен жұмыс істейтін болады. – дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры жеткілікті, сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Халыққа айтайын дегенім, сауда орындарында жаппай сатып алып, дүрлігуге негіз жоқ. Сондықтан сабырлы болыңыздар. Баға өскенін байқасаңыздар, бірден тиісті орындарға хабарласыңыздар, - деді министр.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Ауылшаруашылығы министрлігі бірлесіп, елдегі азық-түлік тауарларының қорына қатысты баспасөз-мәслихатын өткізді.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также