Ол инфекция анықталған жағдайда ғана шұғыл шаралар қолданылатынын айтты.
Қазақстанның балабақшаларында коронавирус ауруы анықталған жоқ, сондықтан балабақшалар өз жұмысын жалғастырады. Ал анықталған жағдайда қажетті шаралар қабылданады, - деді ол.
Айта кету керек, студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшеді. Оқушылардың демалысы бір апта бұрын - 16 наурыздан басталады. Ал көктемде болатын ҰБТ мерзімі кейінге шегерілді.