Тойды кейінге қалдырыңыздар – Тоғжанов

Поделиться:
Коронавирустың қаупі, шынымен, бар. Сондықтан отбасылық шараларды кейінге қалдыруды сұраймыз, деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, -деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық тұрғынға ұсыным ретінде айтамыз. Туған күн, той және басқа да отбасылық мерекелер маңызды екенін түсінеміз. Білеміз. Бірақ мұндай шаралар өткізер алдында тағы бір рет ойланғанын қалаймыз. Мұндай шараларды өткізбеуді сұраймыз немесе кейінге қалдыруын сұраймыз, - деп кеңес берді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сондай-ақ, сақтық шаралары барысында мынадай шешімдер қабылданды.

Коронавирусқа байланысты құралған комиссия 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шаралар, конференциялар, көрме, семинарларға тыйым салу; Білім, денсаулық сақтау, қонақүйлер, әуежайлар санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізілу; Каникул кезінде оқушылар басқа қалаларға шықпау керек деген шешім шығарылды. Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушыларына каникул болады. Енді қоғамдық көліктерде, оның ішінде автобустарда әр рейстен кейін дезинфекциялау жүргізіледі. Елімізде ең қажетті әлеуметтік деңгейдегі 19 түрлі тауардың тізімі бар. Олардың барлығы бізде жеткілікті деуге болады.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также