Әйелдерге қарағанда ерлердің жинағы көп – БЖЗҚ

Поделиться:
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке шоттардағы жинақтардың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды,- деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10 пайыз), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12 пайыз).

«Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 48,5 мың теңге. Айта кетелік, бұл барлық салымшылардың – еңбек жолын жаңадан бастап, зейнетақы жарналарын қорға енді аудара бастаған және жарналарды жиырма жылдан астам уақыттан бері аударған адамдардың шотынан алынған сандар»,-делінген хабарламада.

БЖЗҚ мәліметінше, 1998 жылдан 2020 жылға дейін жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңгені құрады.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также