Мемлекет басшысы тілге қатысты бұл мәлімдемесін президент болып сайланғаннан кейін де айтқан болатын. Демек Тоқаев тіл мәселесінің кезек күттірмей шешілуі тиіс өзекті мәселе екенін түсініп отыр. Бірақ осыған ұқсас мәлімдемені Н.Назарбаев та бірнеше рет жасаған. Алайда 30 жылда мемлекеттік тіл кері кетпесе, оңалған жоқ. Сондықтан Қ. Тоқаевтың бұл мәлімдемесі құрғақ уәде болып қалмас үшін оны жүзеге асыратын мемлекеттік стратегиялық кешенді бағдарлама қажет. Саяси шешім қабылданса, ол да болады.
Ең әуелі мемлекеттік тілге қатысты заңды өзгертуіміз қажет. Олай болмағанда, қазақ тілінің мәселесі тағы да әдемі сөз күйінде қала бермек.
Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы
Дереккөз: Abai.kz