"Сізді жаңа қызметіңізде көргеніме қуаныштымын. Әріптестер, ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша бірлесе әрекет етуді жалғастыруға дайынмын", - деді Назарбаев.
Кездесуге Ресейдің қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Рашид Нургалиев және Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қатысты.
Кездесу Қазақстанның тұңғыш президенті кітапханасында - Назарбаев орталығында өтті. Ресми бөлімнен кейін Назарбаев Медведевпен бірге кітапхананы аралады. Медведев құрметті қонақтарға арналған кітапта жазба қалдырды.
"Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - мемлекетінің дамуына бар күшін салған заманауи Қазақстанның көшбасшысы. Қазақстан-Ресей достық қарым-қатынасын нығайту жолында бірлесе жұмыс істеп жатқанымыз үшін бақыттымын", - деп жазды ресейлік мейман.