Бұған дейін бірсыпыра түрік жұрағатын жұтқан сценарий қазаққа да жыланша жылжып келеді. Шекспир сұрағы: Бар болу, иә жоқ болу- қазақ ұлтының басына да төніп келеді.
Сырт күшке керегі қазақ елі емес, қазақ ұлты емес, бағзыдан қазақ отанына балаған- қазақ жері. Қазақ жері құрыса –қазақ елі ұлтсызданады, құриды.
Ұлт қансорпасы қайнамасын десек, ұлт азаматтары, тіпті, тіліне қарамай түп-түгел оянуы керек. Ол аз. Бастау тарихы бір, қаны бір, тағдыры ұқсас түрік ұлт ұлыстары түп-түгел ынтымақ, бірлікке келуі керек."
Бұл менің әлгі пәндерді Оқу бағдарламасынан алып тастаған мондыбас министрге кезінде жазған пікірім. Әлі де осы пікірдемін!
Қосарым: орта, жоғары оқу орындары, қазақтілді емес мектептердің бәріне-бәріне қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ[ қазақстан] тарихы міндетті болып бағдаламаға енуі керек. Халықаралық оқу орнына тіпті міндетті болсын!
P.S. Министрдің құлағына!
Құлбек Ергөбектің әлеуметтік желідегі жазбасы
Дереккөз: Abai.kz