Әлеуметтік желіде әйелдер арасындағы жанжалдың видеосы жарияланды.
Оқиға 25 ақпанда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болған.
Видео сыртындағы адам бұл жанжал атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) бойынша азық-түлік тарату кезінде болғанын айтады. Әйелдерге балаларға арналған өнім, атап айтқанда: балалар тағамы, жарма, сүт және печенье берілген.
Әйелдер мүгедек баласы мен емшектегі баласын тастап келуге мәжбүр бұл араға. Мемлекет бізге қамқорлық жасады, рахмет. Азық-түлікке қол жеткізу үшін үш қатар кезекті еңсеру керек, - дейді автор.
Бұл жайтқа қатысты Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнәр Хайрлиева түсінік берді.
Азық-түлік беріліп жатыр, бірақ айқай-шу жоқ. Тек екі әйел жеке басына байланысты жанжалдасқан, болды, - деді Гүлнар Хайрлиева.