Бұған дейін Қордайдағы қақтығыстан кейін 90 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.
"Қазіргі уақытта адам өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жүргізіп жатқан ведомствоаралық тергеу-жедел тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің алдын ала қорытындысын, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған, қамауға алынған адамдардың санын айта алмаймын", - деді Әділов.
Ол қамауда отырғандардың және күдікке ілінгендердің бар екенін растады. Тергеу Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басқаруымен жүргізілуде.