«Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) - 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) - 4 364 (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік ауысым шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны – 2 021, оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды», - делінген хабарламада.
Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%), тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік (7%) қызмет етеді.
Еңбек мигранттарының дені Қытай – 5 266 адам (28%), Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) елдерінен.
Еске салайық, Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ға қысқартылды.