Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

«Полицейлер күзетші емес». ІІМ өкілдері қосымша қызметтен босатылады

Поделиться:
Парламент Сенатында Ішкі істер органдарын реформалауға арналған 2019-2021 жылғы жоспар туралы Үкімет сағаты өтті, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Онда баяндама жасаған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жол картасының негізгі 9 бағытына тоқталды. Ведомство басшысы алдымен ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыру жайын сөз етті. Тұрғымбаевтың мәліметінше, биыл 10 мыңнан астам полицей жұмыстан қысқарған.

«ІІМ және оның ведомстволарының функцияларына талдау жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша артық 106 басқару буындары және 1 483 басшылық лауазымдар таратылды. ІІМ қызметкерелері саны 11 пайызға кеміді, яғни 10 592 қызметкер қысқартылды», - деді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, министр полицейлерге жүктелген қосымша міндеттерді алып тастау бастамасын сөз етті. Әсіресе, мемлекеттік органдарды күзетіп отырған полицейлердің жұмысын күзет ұйымдарына түбегейлі тапсыру жоспарланып отыр.

«Полицейлер күзетші емес. Мемлекеттік органдарды күзету олардың міндеті емес. Министрлік алдағы уақытта бұл міндетті күзет ұйымдарына тапсырады», - деді Ішкі істер министрі.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также