Ұлттық қоғамдық саяси кеңестің мүшесі Бақытжан Бұқарбайдың арызына кеңес хатшысы Ерлан Қарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен баспагермін, бірнеше кітаптың авторымын. Ұлттық кеңестің мүшесімін. Былтыр Кеңес әлі құрылмай тұрғанда оны қатты сынға алғандардың бірі болдым. Кеңестің құрамына кіру туралы ұсыныс келгенде, халқымыз отыз жыл күткен саяси реформалар жүзеге асып қалады-ау деген үмітпен оның мүшесі болуға келістім. Саяси реформалар бойынша жұмыс тобындамын, осы күнге дейін бірқатар заңдарға өзгерістер енгізуге бағытталған ұсыныстар дайындауға белсенді атсалыстым, - дейді Бақытжан Бұқарбай.

Оның айтуынша, кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, президент Тоқаев жыл соңында саяси реформалардың бірінші пакетін жария еткен.

Яғни партия тіркеу жұмысын жеңілдету, бейбіт жиын ұйымдастыру үшін хабарлау жүйесіне көшу сияқты оң өзгерістерді заңға енгізу туралы нақты тапсырма берді. Өкінішке қарай, министр Абаевтың ведомствосы әзірлеген "Бейбіт жиындар туралы" заң жобасы президенттің тапсырмасына сай болмай шықты және ол халықтың, азаматтардың мүддесіне қайшы болып отыр. Бұған қоса саяси тұтқындардың әлі күнге дейін босатылмағанын айта кеткен жөн. Жанболат Мамайға партия құру жолында тосқауылдар жасалып жатқанын да көріп жүрмін. Осының барлығы Тоқаевтың тапсырмаларын оның астындағы бюрократтардың елемейтінін аңғартып отыр. Бұл дегеніміз Ұлттық кеңестің бүгінгі таңда еліміздегі саяси реформаларға ешқалай әсер ете алмайтын ұйым екенін көрсетті. Нақты саяси реформаның орнына көзбояушылық болса, қандай нәтижеге тірелетінімізді Тоқаевқа арналған кітабымда жаздым және оның президентке жеткенін білемін. "Prezident" деп аталатын кітабым сіздер үшін де қолжетімді, - дейді саясаттанушы.

Ол халқымның алдында адал болғым келеді. Халықтың мүддесін әрдайым бәрінен жоғары қоямын деп отыр.

Кеңестің құрамында елімізге пайда әкелетін өзгерістер үшін барымды салып, қолдан келгенше тырыстым, бірақ Ұлттық кеңеске биліктің құлақ аспайтынына ақыры көзім жетіп отыр. Мен халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді, сол себепті Ұлттық кеңестің құрамынан шығатынымды мәлімдеймін, - дейді Бақытжан Бұқарбай.

Оның өтінішіне Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жауап берді.

Ұлттық кеңес – бұл саяси ұйым емес, партия не қозғалыс та емес, бұл консультативті-кеңесші орган. Сондықтан да, онның жарғысы, кеңестің мүшесі бойынша қатаң талаптары жоқ. Сондықтан біреу кеңестің мүшелігінен шықты немесе жұмысына қосылды дегеннен сенсация жасау керек емес. Кеңестің негізгі жұмысы жұмысшы топтардың отырысынтарында жүреді, комиссиялар мен жиналыстарда әр позициянды нақтылап қорғауын үшін. Сондықтан өзіңді-өзің жарнамалай, реформалар үшін тер төгіп, оларды жүргізу керек.

Ұлттық кеңестің жұмысы жаңа кезеңге өтті – қазір жаңа заң жобаларының қоғамдық талқылауы басталды. Мемлекеттік органдар кері байланыс орнатып, барлық ұсыныстар мен ескертулерді ескеру үшін талқылауды әдейі ашық жүргізуде. Жаңа заң жобалардың мазмұны туралы дәл осы себептен айтуға әлі ерте, талқылау енді басталды. Айтылған, келіп түскен барлық ұсыныстарды мемлекеттік органдар пысықтауда. Жалпы бәрі де жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Осы және келесі аптада мемлекет басшысының Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесулері жоспарланған. Сонымен бірге, Ұлттық кеңестің үшінші отырсына дайындық басталып кетті, ол осы жылдың сәуір айында өтеді.- дейді Ерлан Қарин.
Просмотров материала: 0