Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

"Бәйтерек" басшылығы қанша жалақы алады?

Поделиться:
Үкіметтің 14 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің әкімшілік шығындары бір жылда 54 млрд теңгеге жеткенін айтып, бұл шығынды қысқартуды міндеттеген болатын. Бірақ "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев өз жалақысын жария етуден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингісінде бірнеше тілшілер мемлекет басшысының Үкімет отырысында берген тапсырмасына орай "Бәйтерек" холдингі қызметкерлерінің жалақысы мен қызметкерлердің атқарған жұмысына байланысты берілетін премия мен бонустардың көлемін сұраған еді. Бірақ, басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев "БАҚ" туралы заңға сәйкес, өз жалақысын жария етуден бас тартты.

Әрине, қызық сұрақ болып тұр. Мен жалпы айтып кетейін, біздің жалақымыз Үкіметіміздің №1266 қаулысымен реттеледі. Сол қаулымен түгел мемлекеттік қызметкерлер өз жалақысын алады. Бірақ, жалақының нақты сомасын мен дәл қазір ашық түрде айта алмаймын. Себебі, "БАҚ" туралы Заңды білесіз. Сол заңда осындай ақпаратты ашық айту міндеттелмеген, - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, Үкімет отырысында президент айтқан мәліметке сүйенсек, холдинг қызметкерлерінің жалақысын төлеуге 24 млрд теңге жұмсалады екен.

"Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшылығы бүгін хабарлағанындай, жыл басынан бері холдинг 170 штат санын қысқартып үлгерген.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также