
– Біз құлақ естіп көз көрмеген тарихи кезеңнің басталуында тұрмыз. Түркістанның бұлай өркендеуі Әмір Темірдің Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де болмаған болуы керек. Түркістан жыл санап емес, күн санап өсіп келе жатыр. Түркістанның жасарып, жаңғыруының басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тұр. Мың жылдан кейін де 3020 жылы Ясауи кесенесін Ақсақ Темір тұрғызған десе, Түркістанды тұңғыш облыс етіп оның орталығын Түркістан жасаған Нұрсұлтан деп айтылады. Түркістан мен Нұрсұлтан қазақ тарихына ажырамайтындай болып енгені дәлелді қажет етпейтін дүние. Сол ұлы бастамалар мен үлкен құрылыстардың басында Өмірзақ Естайұлы тұр. Мен бір шаруашылық басқарған бастықтың біреуімін. Егін шаруашылығын жөндеп жатса, мал шаруашылығы ақсап жататын. 30 жыл бастық болғанда төрт жағы түгел шаруашылық жүргізе алмайды екенмін.
Ал, Түркістанда ірі құрылыстар салынып, көшелер кеңейіп жөнделіп, ағаш, гүл егіліп, каналдар бетондалып, жаңадан екі канал қазылып, газ тартылып, қаланың барлық жағына су жүйелерін енгіздіріп, 100-деген жер асты құдықтары қазылып іске қосылуда. Шағын орта бизнес өркендеуде. Осының барлығы бір мезгілде еш жағы ақсамай жүргізілуде. Бұл облыс әкімінің таланты мен іскерлігінің, жұмысты таба білетін қабілетінің, командасын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмысқа жұмылдыра білгенінің нәтижесі деп білемін, – деді ол.
***
Құрметті оқырмандар! Біз «Ауыл-Футбол» акциясы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында футбол алаңының құрылысына қаражат жинауды жалғастырамыз.
Қаражатты Kaspi-Gold 5169 4971 6091 3509 аударуға болады. Немесе + 7-707-621-6808 телефон нөмірін теру арқылы Серік Болатович М. атына жібере аласыз.
Қолдауыңыз үшін алдын ала рахмет!
Құрметті оқырмандар! Біз «Ауыл-Футбол» акциясы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында футбол алаңының құрылысына қаражат жинауды жалғастырамыз.
Қаражатты Kaspi-Gold 5169 4971 6091 3509 аударуға болады. Немесе + 7-707-621-6808 телефон нөмірін теру арқылы Серік Болатович М. атына жібере аласыз.
Қолдауыңыз үшін алдын ала рахмет!

Просмотров материала: 26
Комментарии