
Бүгінде облыс орталығында онкологиялық диспансердің құрылысы аяқталды. Бұл мекемеде білікті мамандар шоғырланады. Аймақ басшысы дәл осындай мамандардың алғашқы медико-санитарлық көмек нысандарында да жұмыс істеу керектігін жеткізді.
Қатерлі ісіктің ерте кезеңін анықтап, алдын алу жұмыстары дәл осы алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Дертті ерте диагностикалауды жақсарту үшін дәрігерлерді ынталандыру қажет. Біріншіден, ақ желеңділерді әлеуметтік пакеттермен қамту керек. Екіншіден, онкологтардың міндетімен тікелей байланысы жоқ қызметтен босату керек. Үшіншіден, дәрігерлерді халықаралық тәжірибе алу үшін шетелге оқуға жіберу керек, - дейді Әбілқайыр Сқақов.
Халыққа скринингтің мүмкіндіктерін таныстырып, сапасын арттыру да аса маңызды.
Просмотров материала: 0
Комментарии