Биыл Қазақстанда 730 мың шаршы метрден астам баспана беріледі
2020 жылдың қорытындысында республика бойынша 731,7 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Жалпы алғанда елімізде бұл айда 5 581 баспана, оның ішінде 3161 жеке үй салынып бітті, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 өңірде пайдалануға берілген баспана көлемі артты. Олардың арасында Қызылорда облысы (183,7%), Алматы облысы (162,6%) және Қостанай облысы (142,5%) көш басында келеді.

2020 жылғы қаңтар айында құрылыс бойынша жеке көлем индексі 112,5% құрады. 9 өңірде оң серпін байқалады. Көш басында Түркістан (179,5%), Атырау (161,6%), Қостанай (160,4%), Қарағанды (127,6%), Павлодар (121,6%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (125,1%).
Просмотров материала: 0