Түркістанда кеспе шығаратын зауыт іске қосылды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 10 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен жылы жергілікті кәсіпкерлер 69 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Жақында аудандағы индустриалды аймақта тәулігіне 80 мың дана жылдам дайындалатын кеспе шығаратын зауыт іске қосылды.

Майлыошақ ауылы – Қазығұрт ауданының экономикалық орталығы саналады. Себебі аудандағы индустриалды аймақ осында орналасқан. Мұнда жақында жедел дайындалатын кеспе шығаратын зауыт ашылды. Кәсіпорын Непал инвесторларының қаржысы есебінен салынды. Жобаның құны 3 млн доллар.