Протезіне есірткі тығып өтпек болған адам ұсталды
Жамбыл облысында орналасқан Меркенің "Айша бибі авто" шекаралық өткізу пунктінде есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлады BAQ.KZ ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері 50-ге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын. Алайда, шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген "Рада" атанған иті әлгі мүгедек адамды "есірткі тасымалдаушы" ретінде меңзеді. Иттің қателесуі мүмкін емес еді. Шекара наряды күдіктіні арнайы бөлмеге алып барып, толық тексеру жүргізді. Күдік расталды. Оның протезі жәй ғана протез емес, арнайы дайындалған контейнер екендігі анықталды. Қазір оның ішінен табылған зат есірткі болуы мүмкін деген күдікпен сараптамадан өткізіліп жатыр. Көлемі мен түрі анықталу үстінде. Ұсталған азамат 47 жастағы қазақстандық екен. Күдікті Жамбыл аудандық полиция бөліміне тапсырылды, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, шекарашылар Жайық өзенінің бойын шолып жүріп "Иса Батыр" катері мұз үстінен екі "Урал" мотоциклдерін тауып алды. Иелері заңсыз балық аулап жүріп аяқ астынан шыға келген катерді көре салып "табандарын жалтыратып" үлгерсе керек, екі мотоциклдің жүксалғыштары толы асыл тұқымды балық болып шықты. Жалпы салмағы 40 кг-ға жуық балықтың құны 120 000 теңгеден астам болуы мүмкін.

Табылған балық актіленіп теңіз өнімдерін өңдейтін "Тілекші" ЖШС-не тапсырылды.


***

Құрметті оқырмандар! Біз «Ауыл-Футбол» акциясы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында футбол алаңының құрылысына қаражат жинауды жалғастырамыз.

Қаражатты Kaspi-Gold 5169 4971 6091 3509 аударуға болады. Немесе + 7-707-621-6808 телефон нөмірін теру арқылы Серік Болатович М. атына жібере аласыз.

Қолдауыңыз үшін алдын ала рахмет!


Протезіне есірткі тығып өтпек болған адам ұсталды


Просмотров материала: 26