Алматыдағы ұшақ апаты: екінші пилоттың қайтыс болар алдында не айтқаны белгілі болды
Bek Air әуе компаниясы Fokker-100 ұшағының апаты кезінде алған жарақаты салдарынан 28 қаңтар күні көз жұмған екінші ұшқыш Миржан Молдақұловпен болған соңғы әңгіменің аудиожазбасын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy т әуе тасымалдаушысының сайтына сілтеме жасап.

Жазбада Молдақұловтың ұшақ оқиғасын тексеру комиссиясының мүшелерімен сөйлескені айтылады.

Ұшқыш ұшар алдындағы дайындық жайлы, ұшқан сәттегі жағдай мен апаттың алғашқы минуттарында не болғанын айтып берген.