Қордайдағы оқиға: полицейлер 47 адамды ұстады
Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін полицейлер 47 адамды ұстады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.

"Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр", - деді министр. Оның айтуаынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жедел-тергеу тобы құрылды.

"Оқиға орнына менің орынбасарым мен бас прокурордың орынбасары аттанды. Құқық қорғау органдары жедел төтенше жағдайды ауыздықтады", - дед министр.

Қордайдағы оқиғада қаза тапқандар бар - президент (ВИДЕО)...
Просмотров материала: 0