Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда не болып жатыр (ВИДЕО)
Полиция Жамбыл облысындағы Қордай ауданында болған жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"7 ақпан күні шамамен 14:10-да Қордай ауданы Сортөбе ауылында патрульде жүрген полицейлер "Honda Odyssey" маркалы көлігін тоқтатты. Оның мемлекеттік нөмірі талаптарға сай болмаған", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.