
Бұл жер жастардың Абай рухымен сырласып, бас қосатын орнына айналады дейді ұйымдастырушылар. Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. Ақынның ескерткіші соңғы үлгідегі сапалы материалдан жасалған. Ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге қала әкімі, жазушылар, ақындар, абайтанушылар қатысты. Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз шеберлерінің, жалпы шығармашылық өкілдері үшін айтулы мереке. Бүгінгі шарада да Абайдың қара сөзі оқылып, әні шырқалды.
Смағұл Елубай, жазушы:
– Абайдың сөзі бармаған Қазақстанның пұшпағы жоқ. Абайдың ескерткіші келген кезде Абайдың өзі келгендей болады екен. Өйткені оның жанынан өтіп бара жатқан ұрпақ атасына сәлем бергендей болып, жанынан өтеді, көзімен көргендей болады. Сондықтан да ескерткіштердің молайғанының артығы болмас еді.
Просмотров материала: 0
Комментарии