
Ер азаматтың денесін әріптестері корпусаралық ауладан тауып, жедел медицина қызметіне хабарлаған. Өкінішке қарай, электролиз цехы газ тазалау құрылғысының операторы оқиға орнында жан тапсырды. Дәрігерлер азаматтың биологиялық өлімін тіркеді.
Кәсіпорын баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда жазатайым оқиға бойынша тексеріс басталды. Зауыт басшылығы оператордың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесетіндерін айтты.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек басқармасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы оператор зауытта 9 жыл бойы еңбек еткен. Үйленген, бір баласы бар.
Еңбек инспеткорларының айтуынша, бұл – жыл басынан бері тіркелген алғашқы оқыс жағдай. Өткен жылы аймақтың өндірістік ошақтарында 110 жазатайым оқиға тіркеліп, 10 адам жұмыс орнында қайтыс болды.
Просмотров материала: 0
Комментарии