Елордада «Құнанбай» кітабының тұсаукесері өтті
3 мың данамен жарық көрген тарихи шығармаға Құнанбайдың өмірі мен елге еткен еңбегі арқау болыпты, деп хабарлайды 24.kz.

Ғылыми еңбектің авторы Ерлан Сыдықов осы кітапты жазу үшін Омбы, Новосібір, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстандағы архивтерді ақтарғанын айтады. «Құнанбай» кітабы Мәскеу қаласында орыс тілінде басылып шыққан. Алдағы уақытта қазақ, қытай, түрік және ағылшын тілдеріне аударылмақ. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына осындай тарту жасаған тарихшы көпшілік Құнанбайды «Абай жолы» романы арқылы ғана таниды дейді. Ал мына кітапқа Құнанбайға қатысты тек тарихи деректер топтастырылған.