
Нұрсая ықшамауданындағы 900 орынды мектеп құрылысына бөлінген ақша, көппәтерлік 12 тұрғын үйдің құрылысына, Атырауда және оған жақын елді мекендердегі 8 полиция бекеті құрылысына, сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға бөлінген қаражаттар тексерілді.
Тексеру бірнеше маңызды жетіспеушіліктерді анықтады. Атап айтқанда, 12 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттарында заң бұзушылықтар жіберілген, нәтижесінде құрылыс тоқтатылып, қаржы бюджетке қайтарылды. Құрылысы аяқталған нысандар бойынша авторлық және техникалық бақылау журналдары жүргізілмеген. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімшарттарда көрсетілген рәсімдер сақталмаған. Мәселен, мердігер нысанды белгіленген мерзімде тапсырмаса, ал тапсырыс беруші оның қызметіне төлеген болса, мұндай жағдайда салынатын айыппұлдарды өндіріп алуға ешкім тырыспаған.
Просмотров материала: 0
Комментарии