Жалақым 700 мың теңгеге жуық - Марат Дәуешов
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары ретінде менің жалақым 700 мың теңгеге жуық", - деді Дәуешов мәжіліс кулуарында.

Ол президенттің мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы тапсырмасы орындалып жатқанын айтты.

"Біз атқарушы буынға үлкен мән беріп жатырмыз. Жеті мемлекеттік органда еңбекақы төлеудің факторлық-балдық шкаласын енгізу бойынша пилоттық жоба басталғанын білесіздер. Атқарушы корпуста жалақы әжептәуір өсті. Бұл пилот осы жылы да жалғасады деп ойлаймын. Аяқталғаннан кейін президенттің жанындағы комиссия оны бүкіл мемлекеттік қызметке тарату жайлы шешім қабылдайды", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, Дәуешов биыл мемлекеттік қызметкерлердің 5 проценті қысқаратынын атап өтті.

Оның дерегіне сүйенсек, қазір елімізде 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар.
Просмотров материала: 5