Қытайдағы матчты Қазақстанда өткізу ұсынысына үкімет шешім шығарды

Поделиться:
Қытайдағы матчты Қазақстанда өткізу ұсынысына үкімет шешім шығарды
Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, - деп хабарлайды Матрица.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Сондай-ақ, 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды", - деп жазылған хабарламада.

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғаныс шарасын қабылдады. Оған сәйкес, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, 29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына визалар беру тоқтатылды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағаланатынын айтты. 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген.
Просмотров материала: 29

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также