
«Биылғы қаңтар айы қар, бұрқасын, екпінді жел, ауа температурасы аномальды жоғары болуымен ерекшеленді. Температура нормадан 6 градусқа жоғары, ал норма – 14 градус. Қазіргі таңда жауын шашын мөлшері 50 мм құрайды. Норма 16 мм. Яғни бүгінгі таңда 3 айлық норма жауды. Сондай-ақ көпжылдық мәліметтермен салыстырсақ, бұдан 56 жыл бұрын 1964 жылы 51 мм қар жауған. Ал 1928 жылы 131 мм құраған. Ақпан айына консультативті болжам бойынша орташа тәуліктік температура мен жауын-шашын мөлшері норма шамасында. Яғни жауын-шашын мөлшері 15 мм, ал ауа температурасы – 14 градус», - деп атады А.Саханова.
Айта кетейік, 28 қаңтар күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1210 техника бірлігі мен 142 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Бүгін барлығы 25391 текше метр қар шығарылды (2115 рейс). Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 2568790 текше метр қар шығарылды (214065 рейс).
Просмотров материала: 0
Комментарии