Қазақстан инфляция жөнінен "чемпион" атанды - президент
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі инфляция жайында сөз қозғады, деп хабарайды Tengrinews.kz.

"Үкімет барлық межеленген көрсеткіштерге жете алды. Елдегі макроэкономикалық жағдай тұрақты. Біз алпауыт мемлекеттерден қалып жатқан жоқпыз. Жақсы нәтиже. Шағын бизнеске тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды. Үкіметтің президент бұйрығын орындап жатқаны аңғарылады. Экономикалық дамудың сапасы да артуда. Бірақ елдегі тұтынушылық несиенің көбеюі Қазақстанның дамуына тұсау болуда. 2019 жылдың 11 айының ішінде жалпы ішкім өнім 23-тен 22 пайызға түсіп кетті. Былтырғы жылы біз инфляция жөнінен "чемпион" атандық", - деді мемлекет басшысы.

Президент бұған қоса мемлекеттегі шикізат емес өнімдердің экспорты өсіп жатқандығын атап өтті.

Просмотров материала: 136