Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (ВИДЕО)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды.

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полицияның бірқатар қызметкері, атап айтсақ, взвод командирі мен полиция капитаны арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.

Олар жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Взвод командирі ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.