"Аузыңды жап! Үніңді өшір!". Алматыда 1,5 жастағы сәбиге бас-көз болып жүрген келіншектің сұмдық әрекеті әшкере болды. Бала күтушісінің жұмысын жасырын тексермек болған бүлдіршіннің әкесі бөлмеге камера орнатып, сырттай бақылаған кезде жағасып ұстапты. Әлі тілі шықпаған ұлды аяусыз сабаған әйел, бұл тірлігін күнде қайталап отырғанға ұқсайды. Оған көршілерінің шағымы да дәлел. Қатігездігімен қолға түскен келіншек өз кінәсін мойындаудың орнына, полиция қызметіндегі таныстарына хабарласып, өзін ақтап алуды сұраған көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Просмотров материала: 0