Қазақстандық әншілер "тойский" туындыларға әуес! Танымал композитор Лұқпан Жолдасов осылай деді. Оның сөзінше, қазіргі өнер "жұлдыздары" көрермендерін сыйламайды. Тіпті халық асыға күткен концерттерге кешігіп келіп, асығып кететіндері де баршылық дейді. Жас буынның осындай әрекетіне қарны ашып, көңілі қалған ардагер музыкант тыңдармандардың да талғамы төмен екенін айтып қалды. Сонымен біз хит деп жүрген әндер қайсы? Олардың құны қанша? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Просмотров материала: 0