Әлеуметтік желіде белсенді отандық жұлдыздар жарнама жасап-ақ миллионер атанып жүр. Бірақ нені, кімді жарнамалау керек? Оған басын қатырмайды, ақшасын төлеп берсең болды. Көбі тексермейді де. Арықтататын дәрі, шайларынан бастап, киім-кешек, тіл курстары, ломбард, банк, тіс емханаларына дейін. Өкініштісі, өнер адамдарына имандай сенген халықтың арасында опық жеп, алданып қалғандары да жетерлік. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Просмотров материала: 0