Мектеп ішіндегі дәретхана атыраулық тұрғынның ашуына тиді

2020-01-13 11:00:17
Мектеп ішіндегі дәретхана атыраулық тұрғынның ашуына тиді
Атырау тұрғыны мектепте орналасқан дәретханаларға шағымданды. Жағдайға қатысты жергілікті билік пікір білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балықшы шағын ауданында орналасқан мектептердің бірінде оқитын оқушылардың әкесі балалары баратын дәретханаға шағымданған, деп жазады "Мой город".

Ер адамның сөзінше, ол ата-аналар жиналысына барып, білім мекемесіндегі дәретханалардың қандай екенін көрмек болып, әжетханаға кірген. Әкенің көргені оған мүлдем ұнамаған. Айтуынша, бір-біріне қатарлас тұрған унитаздардың ортасы бөлінбеген.

Атырау тұрғынының айтуынша, этика жайлы сөз қозғамағанның өзінде, бұл өте ыңғайсыз.

Ер азаматтың шағымына жергілікті атқарушы билік жауап берген. Қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, расымен де мұндай жағдайлар бар, дегенмен осы жылы бұл мәселелер шешіледі.

Әкім орынбасары аталмыш мектептің соғылғанына бірнеше жыл болғанын, соған сәйкес ол кезде бөлу қарастырылмағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, өткен жылы Тараздағы мектеп дәретханасында 12 жастағы оқушы қыз зорланған еді. Ер адам жедел ұсталған.

Жантүршігерлік жайттан кейін мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ, елді дүрліктірген оқиғадан соң бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

13.01.2020
Ребенок проглотил батарейку и умер: в Атырауской области начато расследование
13.01.2020
Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны көбейді
13.01.2020
Гороскоп на 13 января
13.01.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
13.01.2020
Почему в Казахстане отменили штрафы для домашних тиранов?
13.01.2020
Курс валют на 13 января
13.01.2020
ЦИТАТА ДНЯ
13.01.2020
Дождь, снег и гололед ожидаются по всей территории Казахстана