Әншілердің арасында «ән айту харам» деген сөз тіркесі «модаға» айналған

2019-10-21 10:00:31
Әншілердің арасында «ән айту харам» деген сөз тіркесі «модаға» айналған


Мәселен, микрофон ұстап ән айтқандарын емес, мешітке барғандарын мақтан тұтатын әншілер көбейді. Бұл нені білдіреді? Сахнада «жүн» мен дін, микрофон мен тәспі таласқа түсіп жүрген кезеңде қайсысының асығы алшасынан түсері әзірге беймәлім. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Балғынбек Имаш: «таласқа түссе жүн мен дін. Жүн емес маған керегі, дінімнің желбірегені».

Бұл ақынның «діншіл» деп сөккендерге берген жауабы. Бірақ кім не десе де, айтыскер ақын домбырасын дінмен алмастырмады. Екеуіне де берік. Балғынбек басқа ағымда екен деп ойламасын дей ме, әйтеуір ара-тұра көрермендерінің есіне мәзхабын салып қоятыны да бар.