«Лаборатория Касперского» компаниясының сарапшылары «Өте таңғаларлық істер» (Stranger Things) сериалының финалдық маусымының шығуына байланысты интернет-алаяқтық схемаларының көбейгені туралы ескертеді. Қаскөйлер сериалдың жоғары танымалдығын пайдаланушыларды тұзаққа түсіру үшін қолданып, жаңа эпизодтарды жүктеуге немесе тегін көруге болады деген сылтаумен оларды фишингтік және скам-сайттарға бағыттайды. Соның салдарынан пайдаланушылар жеке деректерінен, логиндері мен құпиясөздерінен, сондай-ақ төлем карталарына қатысты ақпаратынан айырылып қалуы мүмкін.
Жалған сайттарда пайдаланушылардан, мысалы, жаңа эпизодтарға қол жеткізу үшін «тегін аккаунт тіркеуді» сұрауы мүмкін. Ол үшін қолданушыдан аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі сияқты жеке мәліметтерді, тіпті төлем картасының деректерін енгізу талап етіледі. Алайда нәтижесінде жәбірленуші сериалды көре алмайды, ал жеке деректері жария болу қаупіне ұшырап, қаржылық шығынға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар кейбір алаяқтық схемаларда пайдаланушылар зиянды ресурстарға қайта бағытталады.
Қаскөйлер пайдаланушылардың қырағылығын бәсеңдету үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Мысалы, онлайн-трансляцияға қол жеткізу үшін CAPTCHA-ға ұқсас тексеруден өтуді ұсынуы мүмкін. Алаяқтардың ойдан шығарылған нұсқасы бойынша, бұл боттардан қорғану үшін қажет. Алайда мұндай «верификация» кезінде жәбірленушіден өз аккаунттарының логиндері мен құпиясөздерін, соның ішінде электрондық поштасына қатысты деректерді енгізу талап етіледі. Кейбір жағдайларда алаяқтар жеке мәліметтерді пайдалана отырып, жаңа аккаунт ашуды немесе, мысалы, «тегін сынақ мерзімін» белсендіру сылтауымен банк картасының деректерін сұрайды. Шын мәнінде, мұның барлығы — алдау әрекеттері, нәтижесінде құпия ақпарат қаскөйлердің қолына түсуі мүмкін.
«Онлайн-алаяқтар пайдаланушылардың қызығушылықтарын мұқият бақылап, өздерінің сценарийлерін соған бейімдейді — мысалы, танымал сериалдың жаңа маусымының шығуын пайдаланады. Алайда қаскөйлердің қолданатын әдістері мен мақсаттары өзгермейді: пайдаланушылардың жеке деректері мен қаржысын иемдену. Сонымен қатар стримингтік сервистерге ұқсайтын жалған ресурстар өте шынайы көрінуі мүмкін, сондықтан интернетте барынша сақ болған жөн. Біз контентті тек ресми платформалардан көруге және күмәнді сайттарда құпия ақпаратты енгізбеуге кеңес береміз», — деп атап өтті «Лаборатория Касперского» компаниясының аға контент-талдаушысы Ольга Алтухова.
Осындай алаяқтық схемалардан қорғану үшін «Лаборатория Касперского» мамандары келесі ұсынымдарды ұстануға кеңес береді:
Комментарии