Ресми ақпаратқа сәйкес, учаскелік инспектор қызметтік көлігімен келе жатқанда күтпеген жерден алдынан басқа автокөлік шыға келген.

«Жол апатына жол бермеу үшін полицей маневр жасап, көлікті арыққа бұрды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді ведомство.

Әлеуметтік желілерде арықта тұрған полиция көлігінің суреттері жарияланып, желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Қазіргі таңда Алматы полициясы оқиғаға себепші болған жүргізушіні іздестіріп жатыр. Жағдайдың мән-жайы мен құқықбұзушының кім екені анықталуда.