Дереккөзге сүйенсек, оқиға түскі үзіліс кезінде болған. Үш кішкентай баласына алаңдаған әйел полиция бөлімшесінде жұмыс істейтін күйеуіне хабарласып, көмек сұрапты.
«Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға байланысты Балқаш қалалық Полиция бөлімінде қызметтік тексеріс жүрді. Нәтижесінде бейнежазбадағы автокөліктің расымен де аталған бөлімге тиесілі екені анықталды. Тексеру барысында жағдайдың мынадай мән-жайы белгілі болды: түскі үзіліс кезінде полиция қызметкерінің зайыбы қоңырау шалып, кәмелетке толмаған үш баласының үйде жалғыз қалғанын хабарлаған. Сондай-ақ дүкеннен алған азық-түлікті үйге жеткізіп беруін өтінген. Қызметкер қысқа уақыт ішінде отбасы қолғабыс жасаған. Бұл әрекет оның қызметтік міндеттерін орындауына ешқандай әсер етпеген», — деп сендірді полиция департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының полиция департаменті аймақтағы тағы бір шұғыл мәселе — үйлердің төбесіне кірпіш қойып кеткен жасөспірімге іздеу салғанын хабарлаған еді.
Комментарии