“Талғарда қанды қылмыс тағы қайталанды. Резонанс болған Шерзат ісініен кейін ол жақта басшылық ауысты. Бірақ бассыздық әлі бар екенін көрдік. Сіздіңше не істеу керек? Министр отставкаға кету керек емес пе?”, – деп сұрады Qaz365.kz тілшісі.

Депутат оқиғаның себебін мемлекеттік идеологияның жоқтығымен байланыстырды.

«Мен былтырда айтқанмын бұл пікірді оның алдыңғы жылы да айтқанмын. 10-20 министр ауыстырсаңыздар да, бұл нәтиже бермейді. Бұл – қоғамның кінәсі. Идеология жоқ. Білім жүйесінен бастап, балабақшадан бастап ұрпақ тәрбиелеңіздер. Мемлекеттік идеология болмайынша, ештеңе өнбейді»,- деді ол.